Петропавлда ЖЭС қазандығы жаңғыртылады  

Петропавлда ЖЭС қазандығы жаңғыртылады   

Келер жылы Петропавлдағы жылу электр станциясының қазандығы жаңғыртылады. Энергетика министрлігімен келісімшарт жасалды. Инвестициялық жобаға 9 жарым млрд теңге бөлінеді деп жоспарланып отыр.

Кәсіпорынның қондырғылары әбден ескірген. Демалыс күндері 3 қазандық істен шығып, жылу қысымы  азайып кетті. «Қазір қалпына келтіру жұмыстары аяқталуға жақын дейді мамандар. Сонымен қатар қалада 1 қаңтардан бастап жылу қымбаттайды.

Айта кетейік, кеше жылу электр станциясында апат болып, бір жұмысшы жарақат алған еді.

Бахыт Ілиясов, Энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы:

– Қазір қосымша қазандық қосылады. Жылу мөлшері тиісті деңгейде. Ауа температурасына байланысты 73 градуспен беріліп жатыр. Жалпы, кәсіпорынның қондырғылары ауқымды жаңғырту жұмыстарын талап етеді. Оны тарифке салмақ салмай, кезең-кезеңмен жүргізу жоспарланып отыр.