Екпе алған жүкті әйелдердің алды босанып жатыр

Шымкентте екпе алған жүкті әйелдердің алды босанып жатыр.

Мегаполисте Pfizer вакцинасын бір жарым мыңға жуық құрсақ көтерген ана қабылдаған. Дәрігерлер вакциналау қарқыны күн санап өсіп жатқанын айтады. Себебі балалы ананың имундық жүйесін көтеріп, дені сау сәби әкелу үшін екпенің орны бөлек деп есептейді. Фатима Мәккәмбаева жүктіліктің 33-аптасында вакцинаның екінші компанентін алып, бірер күн бұрын дүниеге қыз әкелді. Қазір екеуінің де жағдайы жақсы. Перзентхананың дәрігерлері вакцинадан кейінгі асқыну жағдайы тіркелмегенін айтады. Ал коронавирус жұқтырған жүкті аналардың ахуалы анағұрлым қауіпті, - дейді.

Фатима Мәккәмбаева, қала тұрғыны:

– Мен өзім акушер-гинекологпын. Күйеуім де медик. Біз өзіміздің денсаулығымыз және болашақта балаларымыздың денсаулығын ойлап өз еркіммен, өз қалауыммен №5 қалалық емханаға вакцина салдыруға бардым.

Раушан Қадырова, акушер-гинеколог:

– Жағдайлары жақсы. Бірге жатыр, бірге бақылауда. Яғни біз оларды жағдайларының қанағаттанарлығына байланысты үйіне шығаруға дайындап жатырмыз.