Маңғыстау облысында жеті мыңнан астам адам қайта екпе салдырды

Маңғыстау облысында жеті мыңнан астам адам қайта екпе салдырды

Өңір тұрғындарының 10% проценті қайта вакциналаудан өткен, деп хабарлайды Хабар 24.

Қайта вакцина алғандардың қатарында 33 жүкті әйел мен 2 жарым мыңға жуық медицина қызметкері бар. Қазір өңірде 21 емханада екпе салынады.

Айта кетейік, Маңғыстау облысы жасыл аймақта тұр. Өткен тәулікте короновирус жұқтырған бірде бір адам тіркелген жоқ.

Асқар Сағымбаев, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

– Қазіргі таңда 7285 адам ревакцинациядан өтті. Оның ішінде 136-сы мемлекеттік қызметкер, 1471 әскери қызметкер, 233 педагог егілді. Ең көбі QazVac, Sinopharm, «Спутник V» алды. Қазір емханалардан бөлек 56 жүрмелі бригада жұмыс атқаруда. Олар үйден, аэропорт, темір жол вокзалы, сауда орталықтарында вакцина салуды жалғастыруда.