Қазақстанда 138 мыңдай шетел азаматы тұрып жатыр

Қазақстанда 138 мыңдай шетел азаматы тұрып жатыр. Кейінгі 5 жылда елге 21 млн-ға жуық шетелдік келіп-кеткен.

400 мыңдайы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осыған байланысты көші-қон туралы заң жобасы таныстырылды. Мәселен, Қазақстан аумағына белгілі бір себептерге байланысты өте алмаған шетел азаматтарына себебін түсіндіруден бас тарту тетігін енгізу қажеттігі туралы ұсыныс сөз болды.

Ерлан Смайлов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Қолданыстағы көші-қон туралы заңнамаға өзгерістер енгізу арқылы ережелерді ел Конституциясына сәйкестендіріп, адам құқықтарын қорғау мен ұлттық қауіпсіздікті және Қазақстан Республикасы азаматтарының мүддесін қамтамасыз етеміз. Саладағы кейбір шикілікті жойып, мемлекеттік реттеуді жаңғырту – басты мақсатымыз.