Қазақстанда халық саны қанша

Қазақстанда халық саны қанша

Биыл елде үшінші мәрте жүргізілген халық санағы 30 жылда жеткен жетістігімізді жіліктеп берді, деп хабарлайды Хабар 24.

Қазақстанда 19 млн 169 мың 550 адам болса, оның 6 жарым миллионнан астамы – 17 жасқа дейінгі азаматтар. Проценттік үлесі – 33,97. Ал еңбекке жарамды адамдардың үлесі – 59,05 процент. Елдегі ерлердің үлесі 49-ға жетер-жетпес болса, әйелдердің үлесі 51 проценттен сәл асады.