Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Жаңаөзенге барып, сұйытылған газ бағасын төмендетуді талап еткен халықпен кездесті, деп хабарлайды Хабар 24.

Президент тапсырмасы бойынша қабылданған шараларды түсіндірді. Әкімнің айтуынша, Премьер-министрдің өкімімен арнайы комиссия құрылды. Үкімет мүшелері ертең Ақтауға барады. Сондай-ақ аймақтағы газ құю бекеттерінің иелері бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында автогаздың бір литрін 120 теңгеден 85-90 теңгеге дейін арзандату туралы шешім қабылдағанын жеткізді. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жекелеген кәсіпкерлерге бағалық сөз байласуы бойынша тергеуді бастағанын да айтты.

Нұрлан Ноғаев, облыс әкімі:

- Үкіметтің хаттамасында қарасаңыздар жазылып тұр. Қазіргі таңда 85-90, бірақ әрі қарай ешқандай заңсыздық болмауы жөнінде Президенттің тапсырмасына сәйкес әділетсіздіктерді, «жабық көлеңкелі тұстарын» жою жөнінде тапсырма берілді.