Алматыда қауіп сейілген жоқ

Алматыда қауіп сейілген жоқ
Sputnik.kz

Елдің қарулы күштері Алматыны лаңкестерден тазартуға кірісті.

Яғни бұған дейінгі тергеу-тексеру барысында анықталған ақпарат бойынша күдікті үйлерді тінтіп, террористерді тұтқындаумен айналысады. Оған сарбаздар сақадай сай.

Талғатбек Әбдіқожа, тілші:

- Қазір біз 38-ші арнайы мақсаттағы десанттық шабуылдау бригадасындамыз. Мұнда Алматы қаласының ғана емес, өзге де өңірлерден келген десантшылар жиналған. Қазір олар түні бойы күзетте тұрған сарбаздарды алмастыруға аттанады. Әрбірінің өзіне жүктелген міндеті бар. Командирлер дәл қазір сол бұйрықтарын беріп жатыр.

Сол бұйрық бойынша әрбір жауынгер өз позициясына аттанады.

Біріншіден, осы Алматы қаласындағы барлық мемлекеттік объектілерді күзету және де қалаға кіреберіс, шығаберісте бекеттер орнату. Осы бұзушылық кезіндегі лаңкестік топтардың шығып кетуі және оларға көмек келдірмеулерін және де қалаға кіріп-шыққан көліктердің барлығын тексереді.

Егер қалада лаңкестер қалған болса да, олардың ендігі әрекеті жұмбақ. Кеше атыс болған еді. Бірақ бүгін Қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше Алматыда түн тыныш өтті. Десек те босаңсуға болмайды. Әлі қауіп сейілген жоқ. Сондықтан бізге де мынадай каска мен оқ өтпейтін жиде киюге тура келді. Ал сарбаздар қырағылықты барынша арттырған. Себебі мынадай қаптаған көліктің ішінен лаңкесті табу қалың сабаның ішінен ине іздегенмен бірдей. Сондықтан осы жердегі сарбаздарға да және кептелісте тұрған тұрғындарға да сабыр тілейміз.

Әйтпесе қой терісін жамылған қасқырдай қалаға бұқарамен бірге бұзақылар өтіп кетуі мүмкін. Осындай әрекетке талпынған бірнешеуі ұсталып та жатыр.

Алтын орда бекетінде болған біздің қызметкерлердің бұйрығына көнбей, қозғалысын жалғастыра бергендіктен, аспанға 1 ескерту оқ атылды. Оған көнбегендіктен дөңгелегіне атып тоқтатып, сол жерде блокбекетте тұрған әскери қызметшілер мен ішкі істер министрлігінің қызметкерлері бар.