Жамбыл облысында қаза болған офицердің отбасына көмек көрсетіледі

Sputnik Қазақстан

Тараздық полицей Рахат Сланбековтың отбасына жан-жақты көмек көрсетіледі. Бүгін оның әріптестері туған ауылына барып ауылдастары мен туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Хабар 24.

Марқұм офицер террорлық шабуыл кезінде мерт болған. Нөмірі бірінші полиция бөлімінің учаскелік инспекторы лаңкестерге тойтарыс беру кезінде қаза тапты. Капитан Сланбеков құқық қорғау саласына 2016 жылы келген. Қызметте жақсы қырынан көрініп, адал еңбек етті. Ол бүлікшілер ойран салған кезде алдыңғы шепте жүрген екен. Марқұмның артында жұбайы мен 5 баласы қалды. Тұңғышы 12 жаста кенжесі 3-ке енді толған. Оның қызметтегі жанқиярлығы үшін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен екінші дәрежелі «Айбын» орденімен наградталды.

Рахымберді Әшкеев, облыстық жергілікті полиция басқармасының басшысы:

– Қызметте өте бір адал. Өте ақкөңіл, жарқын азамат еді. Кеше оққа ұшып... Арнайы материалдық көмекті енді қолымыздан келгенше береміз. Бұл кісілерді ешқашан ұмытпаймыз.