Бақылаудың барлық формалары қашықтағы форматқа көшірілді – Университет ректоры  

Бақылаудың барлық формалары қашықтағы форматқа көшірілді – Университет ректоры   
А.Байтұрсынов атындағы университет

Әртүрлі арандатушы топтардың мемлекеттігімізге, тәуелсіздікке нұқсан келтіруге ниеттелген әрекеттерінің салдарынан елімізде күрделі жағдай қалыптасты. Өкініштісі бұл жағдай Қостанай облысында да орын алды, деп хабарлайды Хабар 24.

«Осы орайда сақтық танытып, арандатушылыққа бой алдырмау керек. Бұл ең алдымен әр отбасының, ұрпағымыздың болашағының қауіпсіздігі», – дейді А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің басқарма төрағасы-ректоры Алма Дощанова.

«Мемлекет басшысы қазіргі жағдайда тұрақтылық пен азаматтардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында өте дұрыс және салмақты шешім қабылдады – бұл төтенше жағдайды енгізу» деп мәлімдеген ректор шектеу шаралары елдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және қоғамдық-саяси жағдайды тұрақтандыруға бағытталған. Президент атап өткендей: «Тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау үшін бізге жанжал емес, өзара сенім мен сындарлы диалог қажет» екеніне назар аударды.

Сондай-ақ ол жерлестерін төтенше жағдай кезінде барлық шектеу шараларын сақтауға шақырып, мұның барлығы отбасының қауіпсіздігі мен жалпы қоғамның тұрақтылығы үшін қажет деді.

Алма Дощанова Қостанай өңірлік университетінің студенттері мен олардың ата-аналарына, әріптестеріне ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен демалыс күндері 24 қаңтарға дейін ұзартылатынын, ұжым қашықтан жұмыс форматына көшірілгенін мәлімдеді. Босаған гранттар, ауысулар бойынша және барлық ағымдағы мәселелерге байланысты 20 қаңтардан бастап директораттармен хабарласуға мүмкіндік бар екенін жеткізді және жұмыс кестесіндегі өзгерістер кейінірек хабарланатынын айтты.