Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей әуе рейсі қатынайды

Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей әуе рейсі қатынайды

Қазақстаннан Америка Құрама Штаттарына ұшатын рейстер 2025 жылы іске қосылуы мүмкін.

Бүгін Сенат депутаттары тиісті заң жобасын қабылдады. Екі мемлекет арасындағы жасалған келісім шартқа сәйкес, рейстерді орындайтын әуе компаниялар санына шектеу қойылмайды. Тек ұшақтар АҚШ-тың қойған талаптарына сай болуы тиіс. Яғни отандық компаниялар шет мемлекеттің қауіпсіздік сертификатын алып, лизингке Боинг пен Эйрбастар сатып алуға міндетті. Бұл үдеріс кемінде 3 жылға созылады.