Қазақстанда ата-аналарға балаларды жазалауға тыйым салынады – фейк

Қазақстанда ата-аналарға балаларды жазалауға тыйым салынады – фейк
fazarosta.com

«Қазақстан ата-аналар одағының» Instagram-дағы аккаунтында елімізде дайындалып жатқан заң бойынша ата-аналарға балаларды жазалауға тыйым салынады және мектептерде жас ұрпақты бүлдіретін жыныстық ағарту оқытылатыны туралы ақпарат жарияланды. Бұл жалған.

Желі қолданушылары «Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын бекіту туралы» ҚР Президентінің Жарлығына өзгеріс енгізу туралы ҚР Президенті Жарлығының жобасы туралы қаулыны оқығаннан кейін балаларды жазалайтын ата-аналарды оларды тәрбиелеу құқығынан айыруы мүмкін деген қорытынды жасаған. Қазіргі кезде құжат талқылануда және ашық НҚА порталында ұсынылған.

Шын мәнінде қаулыда мұндай ештеңе айтылмаған.

– Тұжырымдама жобасына сәйкес, Қазақстан Республикасында отбасылық саясатты іске асыру қағидаттарының бірі тұрмыстық зорлық-зомбылықтың барлық түрлеріне мүлдем төзбеушілік, отбасында балаларды тәрбиелеудің зорлықсыз дағдыларын қолданудың маңыздылығы болып табылады. Отбасында балаларды тәрбиелеудің зорлықсыз дағдыларын қолданудың маңыздылығы қағидаты отбасында балаларды тәрбиелеудің зорлықсыз дағдыларына, ата-аналарды тәрбиелеудің зорлықсыз дағдыларына оқыту жүйесін құруға бағытталған қоғамдық көзқарастарды нығайтуға бағытталған халықпен ақпараттық-білім беру жұмысы арқылы іске асырылатын болады.[ … ] Тұжырымдамада Қазақстан Республикасында дене жазаларына тыйым салу, сондай-ақ дене жазаларын қолданатын ата-аналарға санкция қолдану туралы ережелер қарастырлмаған. Жоғарыда айтылғанның негізінде тұжырымдама жобасында дене жазаларын қолданғаны үшін балаларды отбасынан тартып алуды көздейтін ереже жоқ, – деп хабарлады ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінен.