Ақтөбе облысы «қызыл аймаққа» өтті

Ақтөбе облысы «қызыл аймаққа» өтті

Ақтөбе облысы вирус таралу көрсеткіші бойынша «сары аймақтан» «қызылға» өтті.

Соңғы тәулікте өңірде 225 науқас анықталды. Бұл екі күн бұрынғы дерекпен салыстырғанда 3 есе көп. Мамандар короновирустың бұлайша тез таралуы омикрон штамына байланысты болуы мүмкін деп болжайды.  Алайда зертханалық сараптама Ақтөбе облысында вирустың  бұл түрін анықтаған жоқ. Дегенмен науқастардың саны артуына байланыста облыс көлемінде түрлі шектеулер енгізілетін болады.

Мұхтар Сербаев, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

- Тамақ ішетін орындарда бір столдың басында төрт адамнан артық отыруға болмайтын шаралар қабылданады. Және де мына банялар бар, сауналар бар, басқаларына тек қана жасыл мәртебесі бар адамдарға кіруге рұқсат берілетін болады. Сонымен қатар мына караоке дейміз, түнгі клубтар дейміз басқа да сондай нысандарға жұмыс істеуіне уақытша тиым салынады.