Қызылорда облысында балабақшалар қайтадан ашылды

Қызылорда облысында балабақшалар қайтадан ашылды

Бүгіннен бастап Қызылорда облысында террорлық актімен күрестің қызыл шекті деңгейі алынып тасталды, деп хабарлайды Хабар 24.

Өңірдегі 668 балабақша қызметін бастады. Бөбекжайлар ешқандай шектеусіз штаттық режимде жұмыс істейді. Ал аймақ оқушылары 17 қаңтар күні мектеп партасына қайта отырады. Оқу процесі де бекітілген кестеге сәйкес дәстүрлі түрде жалғасады. Бүгін білім беру ұйымдарының мұғалімдері мен техникалық қызметшілері дайындық жұмыстарына кірісті. Жалпы өңірде ахуал тұрақты. Аймақ тіршілігі толық қалыпқа келтірілді.

Серік Ахмет, облыс әкімінің орынбасары:

– Барша тұрғын үй коммуналдық қызметтер жұмыстарын жасауда. Облыс орталығында 225 автобус қатынауда. Облыста 316 банкомат бүгіннен бастап жұмыс істеп жатыр.