ДДСҰ тағы екі жаңа препаратты ұсынды

ДДСҰ тағы екі жаңа препаратты ұсынды
Inform.kz

Covid-19 жұқтырған науқастарды емдеу кезінде пайдалануға болатын екі жаңа препарат табылды. Алайда олардың адамдарды аман алып қалуы препараттардың әлемдегі бағасына байланысты болады, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл туралы БҰҰ-ның жаңалықтар сайтында жарияланды. Бірінші «Барицитиниб» препараты covid-19-дың ауыр формасымен ауыратын науқастарға ұсынылады. Ол ингибатор янус-киназ (JAK) деп аталатын иммундық жүйенің жауап беру қабілетін төмендететін препараттар санатына кіреді. Ұйым оны кортикостероидтармен бірге ішуге кеңес береді. «Барицитиниб» – құздамалық артритті емдеу кезінде пайдаланатын капсула түріндегі препарат.

Сонымен қатар ДДСҰ «Совтровимаб» моноклоналды антидене препаратын пайдалануға кеңес берді, алайда оны белгілі шарттардың сақталуымен ауруханаға түсу қаупі жоғары covid-19-дың жеңіл немесе орта формасымен ауыратын науқастарды емдеу кезінде пайдаланған жөн. Аталған препаратты екпе алмаған науқастар, егде жастағы адамдар, иммундық жүйесі әлсіреп қалғандар мен диабет, гипертония және семіздік сияқты ілеспелі аурулармен ауыратын науқастарға ішуге кеңес беріледі.

ДДСҰ қазіргі кезде ұсынылған препараттардың өндірушілерімен оларды әлемге тарату бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр. Сонымен қатар препараттар бағасының барлық елдерде әділ болуы талқылануда.