Ассамблея «Қазақстан халқына» қорына қаржы аударады

Ассамблея «Қазақстан халқына» қорына қаржы аударады

Ассамблея мүшелері де «Қазақстан халқына» қорына қаржы аударатын болды.

Ұйымның кезекті отырысына қатысқандар мұны бір ауыздан қолдады. Арасында ассамблея атынан сайланған депутаттың бірі өз атынан 1 млн теңге беруге дайын екенін жеткізді. Қазіргідей қысыл-таяң шақта «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруымыз керек» деген белсенділер қазақ жерінде кәсіп игеріп, нәсібін көріп отырғандардың көп екенін айтты. Міне, солар енді елдің еңсесін тіктеуге атсалысу қажет. Жиынға қатысқандардың ортақ ойы осыған саяды.