Шымкентте кәсіпкерлік нысандардың 90% «Ashyq» жобасының талаптарын сақтамай отыр

Шымкентте кәсіпкерлік нысандардың 90% «Ashyq» жобасының талаптарын сақтамай отыр

Шымкенттегі кәсіпкерлік нысандарының 90%-і «Ашық» жобасының талаптарын сақтамай отыр.

Талдау қорытындысы көрсеткендей жобаға қатысушы тоғыз мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісінің жеті мыңнан астамы QR-кодының тіркелуіне бақылау жүргізбей келген.

Кәсіпкерлер палатасының өкілдері аймақта вирустың таралуын тоқтату үшін тәртіпті қатаң сақтау керектігін ескертті.

Қазір қызыл аймаққа қайта оралған Шымкентте әр тәулік сайын 300-ден астам адамнан індет белгілері анықталып жатыр.

Нұрлан Қабыштаев, қалалық кәсіпкерлер палатасының басшысы:

– Шымкент қаласы ұзақ уақыт «Жасыл аймақта» болғандықтан бізде лидерлердің саны да азайып кеткен болатын және белсенді түрде «Ашық» жобасын қолданбайтын азаматтардың саны көбейіп кетті. Қазіргі таңда шамамен 7 мыңға жуық субъектілер 1 аптаға шеттетілген. Қазір қайтадан «Қызыл аймаққа» кірдік. Сондықтан «Ашық» жобасын қайтадан актуалды түрде қолдануға мәжбүрміз.