Қазақстанда халықаралық әуе қатынасы толық қалыпқа келтірілді

Алматы әуежайы штаттық режимде іске қосылды. Air Astana әуе компаниясы қызметін толық қалпына келтірді.

Бүгіннен бірқатар халықаралық рейстер қайта жанданды. Сондай-ақ компанияда билеттерді қайтару ережелері өзгерген. Мәселен, рейс 31 қаңтарға дейін жоспарланған болса, 28 ақпанға дейінгі кез келген күнге қайта билет алуға немесе билет құнын қайтарып алуға болады. Байланыс орталығы сағат сегізден түнгі 00:00-ге дейін жұмыс істейді. Алматы және Нұр-Сұлтан әуежайларындағы сату кеңселері тәулік бойы қызмет көрсетеді.  

Ал шетелде жүрген Қазақстан азаматтары тұрақты рейстерге билеттерді сатып алған жерінде немесе экранда көрсетілген телефон номері арқылы тапсырыс бере алады.

ЖЕДЕЛ ЖЕЛІ

 +7 727 244 44 77

 +7 717 258 44 77

+7 702 702 44 77

WHATS APP: +7 702 702 01 48