Маңғыстау облысында балық өңдейтін цех салынады

Түпқарағанда балық өңдейтін цех салынады. Бұл осы сала бойынша Маңғыстаудағы жалғыз өндіріс орыны болмақ. Мұнда жартылай фабрикаттар, тартылған балық еті, консервідегі балықтар шығарылады.

Әзірге жоба 3 кезеңнен тұрады. Алдымен Аташ ауылына балық аулап, демалуға арналған кеме айлағы салынбақ. Екінші аумағында цех құрылысы басталады. Кейін әкімшілік нысандар бой көтереді деп жоспарланған. Кәсіпкердің айтуынша, жоба 2025 жылы аяқталады. Жаңа нысан ашылса аудандағы 50 адамға жұмыс табылады. 

Қанат Қыдыр, жоба жетекшісі:

- Жоба құны 450 млн тг, біріншісі биыл сентябрь айының аяғында бітеді деп жоспарлаудамыз. 2-кезеңін келесі жылдың мартында бастап оны да жылдың соңына дейін бітіруге негізделеміз. Ол салатынымыз цех. 3-кезеңде серуендеуге қайықтарды беруіміз, халық аралды көргіміз келеді, Баутинде теңізбен жүргіміз келеді дейді. Соған баруға арналған.