Алматыдағы құрылыс краны апатының себебі анықталды

Алматыдағы құрылыс краны апатының себебі анықталды

Алматыда құрылыс краны құлап, кран басқарушы мерт болды.

Қайғылы оқиға бүгін күндіз Науаи көшесінің бойында «РАМС» компаниясы салып  жатқан тұрғын үй кешенінде тіркелді. Мұнаралы кранды тәжірибелі маман, 49 жастағы Бақыт Маинов басқарған.

Оқиға орнында болған әріптестерінің айтуынша, бұл нысанда қауіпсіздік ережелері мүлде ескерілмеген. Кранның жарамдылығы да уақытылы тексерілмейтін көрінеді. Құрылыстағы осындай салғырттық салдарынан кранның құрылымында ақау пайда болып, арты кісі өліміне алып келген. Мұны қала әкімдігі де растады. Осы оқиғаға байланысты қазір Әуезов аудандық полиция басқармасының мамандары тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Айгүл Файзоллаева, кран басқарушы:

- Келеді де «комиссиямыз» дейді да кран тексеріп жатқан бір комиссияны көріп жатқан жоқпыз. Келеді де сыртын түсіреді. Айтады ғой сырты бүтін, іші түтін дейді ғой. Сондай боп тұр ғой. Биікте тұрған осы кранымыз. Соған комиссиялар дұрыстап қараса екен деймін. Ескі крандарды қабылдамай, жаңадан крандарды құрып берсе екен қауіп төндірмейтіндей. Міне қаншама бала-шағасы бар өстіп марқұм болып отыр.

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ПД ресми өкілі:

- Бұл дерек ҚР ҚК 277-бабы, 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлаймыз. Оған Әуезов аудандық полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатыр.