Коронавирус пен пневмониядан тағы 13 адам қайтыс болды – ҚР ДСМ

Қазақстанда кейінгі тәулікте COVID-19 белгілері бар пневмония мен коронавирустан 13 адам қайтыс болды.

23 қаңтардағы мәлімет бойынша 146 273 адам коронавирус инфекциясынан 144 799 КВИ+ және 1 474 КВИ-) емделуде, олардың ішінде

9 747 пациент стационарда,

136 526 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

361 адамның жағдайы ауыр,

121 пациенттің жағдайы өте ауыр,

70 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.