Қазақстанның энергия жүйесі қалпына келтірілді – Үкімет

Қазақстанның энергия жүйесі қалпына келтірілді – Үкімет

Бұл жайында ақпарат ел Үкіметінің ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір Қазақстан тарапынан Өзбекстандағы апатты жоюға көмек көрсетіліп жатыр. Хабарламаға сәйкес Орталық Азияның энергия жүйесіндегі ауытқуларға байланысты «Қазақстанның Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» электр транзитіне түскен жүктеме әдеттегіден 500 киловатқа асып кетті. Электр желілерінің зақымдалуына жол бермеу және ірі жүйелік апатты болдырмау үшін транзит жұмысы аз уақытта реттелді. Нәтижесінде еліміздің оңтүстігін тоқтан толық ажырауына жол берілмеді.