Ақмола облысында өрттен 5 адам көз жұмды

Ақмола облысында өрттен 5 адам көз жұмды

Ақмола облысында жыл басталмай жатып, өрттен 5 адам көз жұмды.

Оттың шығуына өзге жағдай емес, көбіне адамның өзі себепкер дейді мамандар. Олардың басым бөлігі үйде мас күйде жүріп, темекі шеккеннен болған. Айдың басынан бері аймақта 49 өрт дерегі тіркелсе, олардың жартысынан көбі жеке тұрғын үйлердегі жайт. Мұндағы өртке пештің дұрыс тартпауы себеп. Құтқарушылар, тұрғындар әсіресе, аязды күндері қауіпсіздік ережелерін сақтамайды дейді.

Манарбек Шапағатов, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

– Қатты отынмен жанатын пешті пайдалану кезінде ағашты немесе көмірді үсті-үстіне сала беретін болса, онда пеш өте қатты қызып, шатыр ішіндегі мұржа немесе қабырғасындағы жарықтардан от шығуы мүмкін. Ал бұл өрттің пайда болуына сеп болады. Сондықтан, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеміз.