А.Саин: Елімізде балалардың құқықтары қорғалмаған

Елде денсаулық сақтау, білім беру мен әлеуметтік қорғау салаларында балалардың құқықтары қорғалмаған. Бұл туралы бүгін омбудсмен Аружан Саин мәлімдеді.

Омбудсменнің айтуынша, мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндердің де жағдайы жасалмаған. Өңірлерде оларға қажетті құрал-жабдықтар әлі күнге дейін сатып алынбады. Кәсіби жәрдем беретін дәрігерлер жетіспейді. Балалардың дертін ерте кезеңде анықтау жүйесі жүзеге аспаған. Салдарынан мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндер саны азаймай тұр. Арнайы интернаттарда зағип жандарға оқулықтар жоқ.