Алматы облысы Полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Алматы облысы Полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Арыстанғани Заппаров Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

ІІМ басшысы жеке құрамға Полиция департаментінің жаңа бастығын таныстырды. Арыстанғани Расилханұлы Заппаров 1969 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясының заң институтын бітірген.

Ішкі істер органдарында 1993 жылдың қарашасынан бастап қызмет етеді.

Әр жылдары Алматы, Степногорск, Ақмола және Ақтөбе облыстарының полициясында жұмыс істеді. Сондай-ақ, ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы болды.

2019 жылдың сәуір айынан бастап Қызылорда облысының Полиция департаментін басқарды.

2019 жылы 19 шілдеде Президенттің өкімімен ішкі істер министрінің орынбасары болып тағайындалған.