«Қазақстан халқына» қорының қызметкерлеріне қандай жалақы беріледі

«Қазақстан халқына» қорына жиналған ақшаны келесі аптадан бастап жұмсай бастайды. Мұны Ерлан Бекхожинге берген эксклюзивті сұхбаты кезінде қор басшысы Болат Жәмішев айтты.

«Национальный интерес» бағдарламасына қатысқан қор басшысы кез келген адам қандай жобаларға қанша бөлініп жатқанын және кімге қанша қаржы жіберілгенін көре алады, дейді. Барлық ақпарат қор сайтына салынады. Одан соң халық пікірін міндетті түрде ескереміз деді. Бұқара ұсыныс-тілектерін онлайн жолдай алады. Осы ретте қорға жиналып жатқан қаражаттың барлығы арнайы депозитте сақталады. Ал қор қызметкерлеріне қандай жалақы берілетінін, олардың еңбекақысына қаржы қайдан бөлініп жатқанын қазірдің өзінде біле аласыздар.

Болат Жәмішев сұхбатының толық нұсқасы «Хабар» арнасының сайтында бар. Ал бүгін сағат кешкі онда Ерлан Бекхожин жүргізетін «Национальный интерес» бағдарламасының кезекті санын көріңіздер.