Байқоңырда ковид жұқтырудан антирекорд тіркелді

Байқоңырда ковид жұқтырудан антирекорд тіркелді
Иллюстративті фото / 24.kz

Соңғы он күн ішінде Байқоңырда коронавирусқа шалдығудың 400-ге жуық жаңа оқиғасы тіркелді. Бұл пандемия басталғалы абсолютті антирекорд, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Ресей Федералды медик-биологиялық агенттігі «Байқоңыр» кешені Өңірлік басқармасының ақпаратынша, 2022 жылдың 28 қаңтарында қауіпті вирусқа шалдыққан 3566 адам тіркелген.

Індетті жұқтырғандар саны артып келеді, COVID-19 емдейтін инфекциялық стационарда 36 адам жатыр, вирустан 146 адам қайтыс болған. 2022 жылғы 19 қаңтардағы мәліметтермен салыстырғанда өсім 384 оқиғаны құраған, стационарда жатқандар саны артты, коронавирустан қайтыс болудың екі оқиғасы тіркелді. Байқоңыр аумағында 2022 жылдың 30 қаңтарына дейін белгіленген карантин қала әкімшілігі басшысының қаулысымен 14 ақпанға дейін ұзартылды.