Туризмді дамыту саласын реттейтін заңға өзгеріс енгізу қажет

Туризмді дамыту саласын реттейтін заңға өзгеріс енгізу қажет

Туризмді дамыту үшін осы саланы реттейтін заңға өзгерістер енгізу қажет.

Бұл туралы Алматыда өткен тау кластерін дамытуға арналған жиында айтылды. Елімізде тау туризмі курортын құру халықаралық деңгейге жете қойған жоқ. Ол көрсеткішке жету үшін 100 шақырым шаңғы трассасы болуы тиіс. Салада кедергілер жетерлік. Әлі күнге дейін жер мен инженерлік инфрақұрылымға қатысты мәселелер шешілмей келеді. Оған қоса таулы аймақтардың әлеуеті толық пайдаланылмайды. Сондай-ақ демалыс орындарын салу үшін жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту заңнамалық тұрғыдан реттеуді қажет етеді. Өздеріне тиесілі жер телімдерінде қонақ үйлерін салғысы келетін шаруалар да шектеуге тап болып отыр. Осы жайттарды Алматы мен Алматы облысы әкімдігі, салаға жауапты министрліктер мен бизнес өкілдері бірге талқылады. Тау кластері дамыған жағдайда 2025 жылға қарай Алматы аймағында демалушылар саны 4 млн жетеді деген жоспар бар.

Жанар Алшымбаева, Алматы облыстық туризм басқармасының басшысы:

- Мемлекеттік бюджет бизнес нысанына арналған инженерлік инфрақұрылым немесе жол сала алмайды. Біз мемлекеттік қаражатты тек қана елді мекенге арнап немесе коммуналдық меншікте болған нысандарға ғана арнай аламыз. Мәселен, бизнестің айтып отырған нәрсесі бізге дейін сол инфрақұрылымды жасап берсе дейді.