Елде 70 мың азаматтың пәтер ақысы субсидияланады

Елде 70 мың азаматтың пәтер ақысы субсидияланады

 Елде шамамен 70 мың азаматтың пәтер жалдау ақысына қолдау көрсетіледі. Яғни, 50 проценті мемлекет тарапынан төленеді. Ол үшін жылына 50 миллиард теңге шамасында қаржы қажет. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді.

Қазір жалға алушыларға қойылатын талаптар әзірленген. Яғни, қолдау алатын отбасының кейінгі алты айдағы жалпы табысы, жан басына шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспауы тиіс. Әкімдікте баспана алуға кезекте тұрған болуы шарт. Егер азамат осы талапқа сай келсе, электронды цифрлы қолтаңба арқылы біріңғай операторға өтініш береді. Мақұлданса, 10 күнде жалдау ақысы аударылады. Енді бюджетті нақтылау мәселесі тұр. Сондай-ақ бағдарламаны жүзеге асыратын бірыңғай оператор Отбасы банк өз жүйесін мемлекеттік ақпараттық базалармен біріктіруі тиіс. Осы жұмыстар уақытылы атқарылса, мамыр айында іске қосылады деп жоспарланған.