Е.Қошанов Арыстағы жарылыс салдарын жою бойынша штаб жұмысын тиімді үйлестірген

Е.Қошанов Арыстағы жарылыс салдарын жою бойынша штаб жұмысын тиімді үйлестірген

Парламенттің төменгі палата депутаттары Ерлан Қошановты бір ауыздан Мәжілістің төрағасы етіп сайлады. Пленарлық отырыс кезінде оның кандидатурасын депутат Ерлан Сайыров ұсынған.

Сайлау бюллетеньдерін қолдана отыра, халық қалаулылары оған құпия түрде дауыс берді.  Бұл процедураны өткізу үшін арнайы есеп комиссиясы құрылып, кабиналар мен сайлау жәшігі қойылған. Айта кетейік, Ерлан Қошанов 2019 жылдан бері Президент Әкімшілігін басқарды. Оған дейін Қарағанды облысының әкімі болған. Сол кезде елдің есінде Арыстағы жарылыстың салдарын жылдамдатып жою бойынша штаб жұмысын тиімді үйлестірген менеджер ретінде жақсы сақталды. Сенат депутаты, үкіметтің Парламенттегі өкілі  де болған. 2000 жылдардың басында премьер-министр кеңсесі жетекшісінің орынбасары, көлік және коммуникация вице-министрі, азаматтық авиация комитетінің басшысы қызметін атқарды. 2012-2017 жылдар аралығында Премьер-министрдің канцеляриясын басқарған. Парламентаризм қағидасын жетік меңгерген  тәжірибелі саясаткер. Сайлауда депутаттардың толық қолдауына болған Ерлан Қошанов Мәжіліске жетекшілік ету ерекше мәртебе екенін айтты.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

- Өмір жолымның бірқатар уақыты осы Парламент қабырғасында өтті. Сіздердің сенімдеріңіздің арқасында, осы абыройлы жұмысты бірге жалғастырамыз деп ойлаймын. Парламент Мәжілісіне жетекшілік ету бұл әрине ерекше мәртебе. Бұл Қазақстан халқы мен Мемлекет басшысының алдындағы зор үлкен жауапкершілік.