Қарағанды облысында дәрі-дәрмек тапшылығы реттелуде

Қарағанды облысында дәрі-дәрмек тапшылығы реттелуде

Қарағанды өңірінде дәрі-дәрмек тапшылығы реттеліп келеді.

Бұған дейін жергілікті тұрғындар кей препараттардың дәріханаларда жоқ екенін айтып шағымданған. Әсіресе, вирусқа қарсы дәрілер мен физиологиялық ерітінді таба алмаған. Бұл қаңтар оқиғасына байланысты туындаған уақытша қиындық. Қазір барлығы қалпына келді, – дейді жауапты мамандар. Індет өршігенде қоймалардағы біраз адам ауырып қалып, жұмыс айтарлықтай тежелген.  

Фарида Макеева, ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

– Қаңтар айында 1-2 аптадай сондай тапшылық болды. Алматыдан көлік келмей қалды, өздеріңіз білесіздер, төтенше жағдайға байланысты. Сосын қоймалардың, дәріханалардың қызметкерлері де ауырды. Сондықтан дәрілер уақытылы жеткізілмеді. Бірақ қазір енді физроствор, вирусқа қарсы дәрілік заттардың барлығы келіп жатыр.