Шығыста азық-түлік бағасын бақылайтын мониторинг тобы құрылды

Шығыста азық-түлік бағасын бақылау үшін өңірдегі барлық аудан-қалада мониторинг тобы құрылды. Қоғамдық ұйым өкілдері мен белсенді азаматтар әр дүкенге кіріп нақты жағдайға көз жеткізеді. Қаңтар айында қырыққабат, тұз және күріш шамамен бір жарым проценкте өскен. Алыс аудандар мен ауыл тұрғындары күнделікті табыс, шығынды жаппайтынын айтып шағымданып жатыр.

Үнемдемеске амал жоқ. Өйткені орта  еңбекақы мен ең төменгі зейнетақы алатын қариялар  үшін азық-түлік бағасы  басты мәселе. Әсіресе шалғайдағы ауыл мен аудан тұрғындары үшін қиын. Ресеймен шекаралас Шемонайха ауданына азық-түлік пен барлық тауар тасымалмен келеді.Ал  ауданның өзінде ұн өнімдері мен   сұйық май  өндіріледі. Ресми құжатта әлеуметтік нан бағасы  95 теңге деп көрестілгенімен, дүкен сөресі құр.

Бұл ауданда ай сайын 40-50 тонна сүт сауылып, Өскемен мен Семейге жөнелтіледі. Өйткені өңдейтін зауыт жоқ. Сондықтан  ет пен сүттің бағасы да тасымалға тәуелді. Дегенмен аудан әкімдігі жанынан бағаны бағамдайтын  мониторингтік топ құрылыпты.

Мәдина Шүкеева, шемонайха аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы:

– Егер өсу байқалатын болса, олармен келіссөздер жүргіземіз.Сөйлесеміз.Қандай жағдаймен  олар бағаны көтерді? Олардың түсіндіруі бойынша көбінесе айтатыны сатып алу бағасының жоғарлауына байланысты. Өскемен мен Семей қаласында көптеп сатуда.

Қаңтар айында күнделікті тұтынатын негізгі азық-түліктің  бағасы қалыпты болған. Тек сүт өнімдерінің кейбір түрлері және тұз, күріш және қырықабат қымбаттаған.

Өскемен мен  Семей қаласындағы көптеп сататын базардан бастап, шағын дүңгіршектегі азық-түліктің бағасын арнайы топ бақылайды. Кез-келген сауда нүктесіне кез-келген уақытта ескертусіз барады.

Қалтаңдағы қаржыны базардағы баға билейді. Жаңа жылдан соң азық-түлік пен тауар бағасы шарықтап  шыға келетін. Биыл үкімет бекіткен 19 түрлі азық-түліктің бағасы қандай болып тұрғанын Өскеменде мониторингтік топ  аптасына екі рет бақылайды. Бүгінге дейін 10 рет тексеру жүргізген. Нәтижесінде баға көп өспегенін айтады.

Нарықтағы бағаны реттеу үшін өткен жылы аймақтағы кәсіпкерлермен атқарушы билік бір жарым мың  келісім жасаған. Сол шарт  негізінде жергілікті тауар өндірушілерге бюджеттен бір жарым миллирад теңгенің жеңілдетілген  несиесі берілген. Бұл жұмыс биыл да жалғаспақ.

Александр Светаш, баға мониторингі бойынша жұмыс тобының мүшесі:

– Бағаны күшпен ешкім ұстап тұра алмайды. Сондықтан тұрақтандырудың механизмі ретінде кәсіпкерлер айналымға шығу үшін бюджеттен қаржы бөлу мәселесін қарастырамыз. Ал олар белгілі бір тауар түрлерінің бағасын қалыпты ұстап тұруға келісім береді. Бұл өңірдің өзінде өңделетін тауарларға қатысты.

Баға бас бермей кетпес үшін Өскеменде қазір әлеуметтік 80 дүкен ашылды. Ол дүкендерде тұрақтандыру қорында сақталған көкеніс сатылады. Ондағы баға базардағыдан 25-30 процентке арзан.

Олжас Керейхан, Дмитрий Пыхтин