Балалар ел ішіндегі саяхатқа тегін ұша алады

Балалар ел ішіндегі саяхатқа тегін ұша алады

Енді 17 жасқа толмаған балалар Қазақстан аумағында саяхаттау үшін ұшаққа тегін отырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ ол үшін отандық туроператорлардан қызмет түрін сатып алу қажет. Сонда ғана авиабилет құнын мемлекет субсидиялайды. Басты талап Қазақстан азаматы болу қажет. Тиісті заң жобасы биылдан бастап күшіне енді. Ондағы мақсат ел азаматтарын елде демалуға ынталандыру.