Алматыда қылмыстық топ үш жыл бойы қаражатты қолма-қол ақшаға аударып келген

Алматыда қылмыстық топ үш жыл бойы қаражатты қолма-қол ақшаға аударып келген
Егемен Қазақстан

Алматыда материалдық сыйақы алу үшін жалған шот-фактуралар мен бастапқы бухгалтерлік құжаттарды шығарумен айналысқан Болат Қ., Қыстаубаев У. басқарған 7 адамнан тұратын қылмыстық топқа және басқа да тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.

ҚР ҚМА баспасөз қызметінің мәліметінше, тергеу барысында аталған тұлғалардың өздерінің бақылауындағы 4 коммерциялық компания арқылы қызметтер көрсету және тауарларды жөнелту, жұмыстарды нақты орындамай жалған шот-фактураларды шығарып салық төлеуден жалтару, 2018-2020 жылдар аралығында жалпы сомасы 3 млрд теңгені құраған коммерциялық ұйымдарға жұмыстар істеген.

«Айыпталушылардың тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізу барысында мөрлер, банк карталары, компьютерлер, ноутбуктер, бұрын қолма-қол алынған 7 млн теңге ақшасы, сондай-ақ салмағы 849 гр болатын тыйым салынған марихуана есірткі заттарын өсіру фактісі анықталды.

Сот үкімімен айыпталушылар ҚР ҚК-нің 216-бабының 3-бөлігі (іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей және тауар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша іс-әрекеттер жасау) бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылдан 4,8 жылға дейін әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған», – делінген мәліметте.

Тыйым салынған есірткі заттарды табу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу Алматы қаласының ПД тергеулігі бойынша берілді.