Шығысты аяз буып тұр: бірқатар ауданда оқушылар қашықтан оқиды

Шығысты аяз буып тұр: бірқатар ауданда оқушылар қашықтан оқиды

Шығыс Қазақстанда аяз әлі де бет қарып тұр.

Бірнеше күннен бері ауа температурасы 24,30 градустан түскен жоқ. Бүгін де бірқатар ауданда оқушылар қашықтан оқиды. Алтай ауданында 32 градусқа дейін аяз. Мұнда 9 сыныпқа дейінгі оқушылар мектепке барған жоқ. Глубокое ауданында да ызғар есіп тұр. Мұнда да бірінші ауысымдағы оқушылар сабақты үйден оқып жатыр.