А.Балаева: Қажет өзгерістердің уақыты келді

А.Балаева: Қажет өзгерістердің уақыты келді
ҚХА

Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары А.Балаеваның республикалық этномәдени бірлестіктердің басшыларымен және Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық құрылымдарының активімен кездесуі өтті.

Жұмыс барысында А.Балаева Ассамблеяның қаңтар оқиғалары күндері жүргізген жұмысына оң баға берді, сондай-ақ Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаев айтқан міндеттерге егжей-тегжейлі тоқталды, деп хабарлайды ҚХА баспасөз қызметі.

А.Балаева «Мемлекет басшысы әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси салаларда алда тұрған жұмыстың негізгі басымдықтарын нақты белгілеп берді, сондай-ақ «қоғамда түйткілді проблемаларды шешу жолдарының айқын көруін» атап өтті.

«Nur Otan партиясының съезі көкейкесті өзгерістердің уақыты келгенін, елді жан-жақты жаңғыртудың ауқымды күн тәртібінің тұрғанын айқын көрсетті», – деді ол.

Осы орайда ол Қазақстан халқы Ассамблеясының міндеттеріне нақты тоқталып, «Жаңа Қазақстанды бірге құрайық!» идеясының Ассамблея үшін бағдарламалық сипатқа ие екенін баса айтты.

Кездесу барысында Ассамблеяның алдағы іс-шараларының дайындық мәселелері талқыланды, Мемлекет басшысының ҚХА-ның барлық құрылымдарында қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру бойынша үйлесімді жұмыс жүргізу қажеттігі атап өтілді.