Павлодар облысындағы емханаларда ұзын кезек пайда болды

Павлодар облысындағы емханаларда ұзын кезек пайда болды

Павлодар облысында эпидахуалдың күрделенуіне байланысты емханаларда ұзын-сонар кезек пайда болды.

Әр медициналық ұйым күніне 500 адамға қызмет көрсетеді. Кейбір кездері тұрғындар кезектерін сағаттап күтуге мәжбүр.

Мамандардың айтуынша, жағдай вирустық инфекциялардың таралуына байланысты болып отыр. Мәселені дереу шешу үшін мекемелер көмек көрсетудің сервистік моделіне көшіп жатыр. Мысалы, цифрлық бекеттер іске қосылды. Қазір екі мыңнан астам адам вирустық инфекция жұқтырып, ауырып жатыр. Олардың саны күннен күнге көбеюі мүмкін.

Айдар Сейітқазинов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Емханаларда пилоттық режимде қосымша бекеттер ашылды. Колл-орталық та бар. Кезекте тұратындардың басым бөлігі орташа медициналық мамандардың көмегіне жүгінеді. Қазіргі уақытта маусымдық, яғни инфекциялық ауруларға шалдыққандар көбейіп жатыр. Сондықтан біз ұзын-сонар кезекке жол беремуіміз керек. Осындай жаңашылдықтарды енгізіп жатырмыз.