Атырауда күнделікті тұтынатын азық-түлік арзандады

Атырауда күнделікті тұтынатын азық-түлік арзандады

Атырауда күнделікті тұтынатын азық-түлік бағасы арзандады. Бүгінде облыстың тұрақтындару қорындағы 19 түрлі тағам 35-50 процентке арзан сатылып жатыр.

Атап айтқанда, бірінші сұрыпты ұннан пісірілген нан бағасы 82 теңге, ет - 1885, ал картоп 185 теңге тұрады. Өзге көкөніс түрлерінің бағасы да айтарлықтай төмендеген. Тұрақтандыру қорының қоймасында 216 тонна азық-түлік пен 2 200 тонна ауылшаруашылығы өнімдері сақтаулы. Олар облыстағы 39 сауда нүктесі арқылы тұтынушыға жеткізіледі. Азық-түлік бағасын тұрақтандыруға бюджеттен 1 млрд 35 млн теңге қаралды. Бұл қаражатқа ұн, өсімдік майы секілді облыста өндірілмейтін тауар түрлері сатып алынады.

Күләш Қамалова, қала тұрғыны:

- Менің жағдайым келмейді, 250-260 теңгенің картобын алуға. Жағдайым жетсе де мен үнемдеймін ақшамды. Мынада 185 теңгеден, 80 теңгеден пияз-картобымды осы жерден аламын

Дмитрий Дю, "Атырау" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы департаментінің директоры:

- Әлеуметтік нан шығару үшін 11 наубайханаға ұн жеткізіп жатырмыз. Бүгінгі күнге 2240 тонна ұн жеткізілді. Мысалы, тамақ өнімдеріне келісім-шарт бар, кұн сайын ол қор толықтырылып отыр. Ал ауыл шырауышылығы өнімдері ол мамыр айына дейін жетеді деп жоспарланған.