Халық қаржысына байып, қалың бұқараға билік жүргізгісі келген бай-манаптармен күрес күшейеді

Халық қаржысына байып, қалың бұқараға билік жүргізгісі келген бай-манаптармен күрес күшейеді

Халықтың бизнеспен айналысуына тең жағдай жасалуы керек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үкіметтің кеңейтілен отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Қазір еліміз қиын кезеңдерді бастан өткеруде. Дүниежүзін жайлаған індеттің беті қайтпай тұр. Салдарынан іскерлік белсенділік төмендеп кетті. Сондықтан мемлекет алдындағы ендігі міндет халықтың әл-ауқатын арттырып, бай мен кедей аражігін азайту. Ол үшін жаңадан жұмыс орнындарын ашып, халықтың бәріне бірдей бизнеспен айналысуға мүмкіндік берілуі тиіс деді. Осы ретте ым-жымы бір жемқорлар пен астамшыл байлардың әрекеті басты назарда болмақ.