Қосшы қаласының соты құрылып, судьялары тағайындалды

Қосшы қаласының соты құрылып, судьялары тағайындалды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысының Қосшы қаласының сот органын құру туралы Жарлыққа қол қойды.

«Ақмола облысы Қосшы қаласының соты құрылсын», – деп жазылған Жарлықта.

Бұл құжатта Қосшы сотының судьялары болып, кім тағайындалатыны да жазылған.

«Мерзадинова Динара осы облыстың Целиноград аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; Халмурзаев Мұрат осы облыстың Бұланды аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып Қосшы сотының судьялары болып тағайындалсын», - деп жазылған Жарлықта.