Қазақстан мен АҚШ қаржы шоттары туралы ақпаратпен алмасады

Қазақстан мен АҚШ қаржы шоттары туралы ақпаратпен алмасады

Қазақстан мен АҚШ азаматтардың қаржы шоттары туралы ақпаратпен алмасады. Бүгін сенаторлар осы мәселені реттейтін заң жобасын қабылдады.

Енді қос мемлекеттің азаматтары салықтан жалтара алмайды. Құжат күшіне енгенде еліміздің бюджетіне қомақты қаражат түседі деп жоспарланып отыр. Бұл заң жобасы қаржы және кредиттік ұйымдардың, сақтандыру, брокерлік және басқа да осыған ұқсас компаниялардың қызметтерін қамтиды.

Айта кетейік, бүгінде Америка құрама штаттары – еліміздің ең ірі инвесторларының бірі. Қазақстанда АҚШ-тың 100-ге жуық компаниясының өкілдігі бар. Сондай-ақ 300-ден астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істеді