Сақтандыру компанияларының сыйақысы 71%-ке өсті

Сақтандыру компанияларының сыйақысы 71%-ке өсті

Қазақстанда өмірді сақтандыру компанияларының сыйақысы бірден 71%-ке артып, рекорд орнатты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елде бұл саладағы компаниялар қысқарып жатқанымен, адам өмірін сақтандыруға сұраныс артқан. Ресми мәліметке сай, қазір жұмыс істеп тұрған 27 сақтандыру компаниясының 9-ы адам өмірін сақтандыру ұйымы. Өткен жылы бұл компаниялардың түсімі 392 млрд  теңгеден асты. Елде мұндай динамика соңғы жылдары байқалмаған еді.