Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде талқандалған экопосттар қалпына келтірілуде

Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде талқандалған стационарлық экологиялық бекеттер қалпына келтіріліп жатыр. Сол күндері қаладағы 19 экопосттың 17-сі, қиратылып, өртенген еді. Олардың көмегімен көліктен шығатын түтін, топырақтың, ауа мен судың құрамындағы радиация мөлшері тексерілетін. Ауасы ластанған мегаполис үшін бұл экопосттардың маңызы ерекше.

Бұл қаңтар оқиғасы кезінде қиратылған экологиялық бекеттердің көрінісі. Көліктен шығатын түтін құрамындағы зиянды заттарды анықтайтын есептеуіш құралдар мен компьютерлер істен шыққан. Ал осындай әр экобекеттің құны 9 млн теңгеге жуық. Іске жарамсыз болғандықтан оларды арнайы техникамен сүруге тура келді.

Сейілхан Асқаров, компанияның атқарушы директоры:

- 19 экобекеттің 13-і өртеніп, төртеуі қиратылып тоналды. Қазіргі уақытта 13 бекет қалпына келтірілді. Қалғаны наурыз айында қайтадан орнатылады.

Өткен жылы мегаполистің атмосферасына тараған 93 мың тонна зиянды қалдықтың жартысынан астамы автокөліктің үлесіне тиеді.

«Осындай мониторинг жүргізу қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға қажетті шешім қабылдауға мүмкіндік береді», - дейді мамандар.

Серік Әділбаев, қалалық жасыл экономика басқармасы басшысының орынбасары:

- Осы 19 экобекеттерден 2021 жылдың наурыз айынан бастап жылдың аяғын шейін 198 мың автокөлік тексеруден өтті. Осы 198 мың автокөлктің 25 мыңының көрсеткіштері жоғары. Ішкі істер департаментінің салған айппұлдр сомасы қараша айы мен желтоқсан айының аяғына шейін 82 млн теңгені құрады.

Ал келесі айдан бастап Алматыда 3 жылжымалы экобекет іске қосылады. Мобильді зертханада сатып алынды. Соның көмегімен ауа, су мен топыраққа сараптама жасап, радиация мөлшерін анықтауға болады. 

А.Садуақас, Н. Бошан, Н. Жақсыбаев