Нұр-Сұлтан мен Теміртау арасында жол жабылды

Нұр-Сұлтан мен Теміртау арасында жол жабылды
Хабар 24

Ауа райы бұзылып, ұйытқи соққан боранның салдарынан кей өңірлерде жол жабыла бастады.

Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сай 12 ақпан кешкісін Нұр-Сұлтан мен Теміртау арасын жалғайтын автожол жабылған. Себебі Нұр-Сұлтан қаласында және Қарағанды облысында қатты боран соғып тұр, жел жылдамдығы секундына 20 метрге жеткен.