Аудиторлық ұйымдардың қызметі жіті бақылануда

Аудиторлық ұйымдардың қызметі жіті бақылануда

Қаржылық мониторинг агенттігі аудиторлық ұйымдардың қызметіне күмән келтіруде.

Мәселен, елімізде 500-ге жуық аудиторлық мекеме жұмыс істейді. Алайда оның 400-ден астамы агенттіктің қаржы операциялары бойынша деректер жинау жүйесінде тіркелген. Сорақасы, бірен-саран мекеме ғана күдікті операциялар туралы хабарлама жібереді екен.

Олқылықты реттеу үшін аудиторлық ұйымдарға кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңның барлық талабы қолданылады. Ал криминалды ақшаны заңдастыруға жол бермес үшін агенттік тиісті мекемелермен ынтымақтастық орнатуға дайын.

Тиісті шаралар салық салудан жалтару, бюджет қаражатын жымқыру, ақшаны заңсыз шығару және оффшорға аудару сияқты қылмыстарды дер кезінде анықтауға мүмкіндік бермек. Бұл туралы Агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.