Негізсіз баюға жол жоқ – Антикор

Негізсіз баюға жол жоқ – Антикор

Негізсіз баюға жол жоқ. Елімізде жемқорлықпен дүние жинап, оларды өзгенің атына тіркеу схемасы бар. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов мәлімдеді.

Агенттік басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң жобасын бірінші оқылымда таныстырды. Құжатта 11 заңнамалық актіге, оның ішінде 3 Кодекске түзету енгізу көзделіп отыр. Егер табыс пен шығыстың арасында алшақтық көп болса, қазақстандық шенеуніктер қызметімен қош айтысады. Яғни, сәйкессіздік үш миллион теңгеден асса, тиісті лауазым иесі оның тоқсан процентін айыппұл ретінде төлеуге міндетті болады. Оның үстіне, шенеунік қомақты кірістің қайдан келгеніне түсініктеме беруі керек. Бұл жаңашылдық 2027 жылы енгізілмекші.