Парламенттің қарауына 26 заң жобасы жіберіледі

Парламенттің қарауына 26 заң жобасы жіберіледі

Биыл 26 заң жобасы әзірленіп, Парламент қарауына жіберіледі. Бұл туралы бүгін Президенттің қабылдауында болған Әділет министрі Қанат Мусин баяндады.

Қанат Мусин былтыр атқарылған жұмыстың нәтижесі бойынша есеп беріп, биылғы басымдық берілетін бағыттарға тоқталды. Бүгінде министрлік 25 іс бойынша мемлекет мүддесін қорғау жұмысын жалғастырып жатыр.  Сондай-ақ, Қанат Мусиннің айтуынша, былтыр 122 мыңнан астам азамат кепілдендірілген құқықтық көмек алған. Бұл мақсатта 1,8 миллиард теңге бөлінген. Әлеуметтік жағдайы төмен 11 мыңнан астам адам заңгер көмегіне тегін жүгінген. Президент азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғауға бағытталған заңгерлік қызмет көрсету ісіне ерекше назар аударуды тапсырды.

Президент Әділет министрлігінің 2022 жылға арналған жоспарымен танысып, әзірленіп жатқан нормативтік-құқықтық актілердің сапалы орындалуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғауға бағытталған заңгерлік қызмет көрсету ісіне ерекше назар аударуды тапсырды.