Қаңтар оқиғасына қатысы бар 271 адам қамауда отыр – ІІМ

Қаңтар оқиғасына қатысы бар деген күдікпен 271 адам қамауда отыр. Олардың 196-сы бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Бұл туралы Президентке Ішкі істер министрі айтты.

Ерлан Тұрғымбаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа елдегі құқықтық тәртіпті қалпына келтіру жұмыстары жөнінде баяндады. Ақпарат Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

Министрдің мәліметі бойынша, қазір 2739 қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру жүріп жатыр. Атап айтқанда, ұрлық, заңсыз қару сату, өзгенің мүлкін қасақана бүлдіру және басқа да деректер бойынша іс қозғалған. Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, тергеу барысында азаматтардың құқықтары сақталады. Қылмыс құрамына байланысты 103 азамат тергеу изоляторларынан босатылды.

Министр Парламент Мәжілісінің депутаттарына, қоғамдық-бақылау комиссиялары мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне тергеу изоляторларына кіруге мүмкіндік берілгенін жеткізді. Президент Ішкі істер министрлігіне елдегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, ұсталған адамдардың конституциялық құқықтарын қорғау және қаңтардағы қайғылы жағдайлардың себептеріне объективті тергеу жүргізуді тапсырды.

Президентке еліміздегі құқықтық тәртіпті қалпына келтіру жұмыстары туралы мәлімет берілді. Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, тергеу барысында азаматтардың құқықтары сақталады. Қылмыс құрамына байланысты, қоғамнан оқшаулауға жатпайтын 103 азамат тергеу изоляторларынан босатылды. Тағы 200-ден астам күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат алу немесе кепілдік қою бойынша шаралар қабылданып, тергеу изоляторларына қамамауға шешім шығарылған.

Президент Ішкі істер министрлігіне елдегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, ұсталған адамдардың конституциялық құқықтарын қорғау және қаңтардағы қайғылы жағдайлардың себептеріне объективті тергеу жүргізу жөніндегі жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.