Қостанайда мембағдарлама бойынша салынған үйдің құрылысы ұзаққа созылып кетті

Қостанайда мемлекеттік бағдарламамен салынып жатқан көп қабатты үйдің құрылысы мерзімінде аяқталмаған. Соның кесірінен алғашқы жарнасын төлеп қойғандар тиесілі баспанасына қол жеткізе алмай, пәтер жалдап жүр. Әкімдікке сан мәрте хат жазған халық  құрғақ уәде естіп жүрміз дейді.

Қостанайда мемлекеттік бағдарламамен салынып жатқан көп қабатты үйдің құрылысы мерзімінде аяқталмаған. Соның кесірінен алғашқы жарнасын төлеп қойғандар тиесілі баспанасына қол жеткізе алмай, пәтер жалдап жүр. Әкімдікке сан мәрте хат жазған халық құрғақ уәде естіп жүрміз дейді. 

Юбилейный шағын ауданындағы 27-үй 2020 жылдың желтоқсан айында қолданысқа берілуі тиіс еді. Бірақ құрылысы бұл уақытта бітпеген соң биылғы жылдың алғашқы тоқсанына шегерілді. Қазір оның жылу құбырлары жарылып, тас едені тас-талқан болып жатыр.

- Міне әлі тартылмаған. Алинэкс, ештеңе жүргізілмеген. Черновой болмаған. Бұл үйді қалай алатынымызды бір Құдай білсін.

Таңшолпан Сәленоваға осы үйден екі бөлмелі пәтер тиесілі. Келісім-шартқа сәйкес, қазір отбасымен жаңа баспанада жайлы тірлік кешіп отыруы керек болған. Оның орнына әкімдікке сан мәрте хат жазып, құрғақ уәде естумен жүр.

Таңшолпан Сәленова, қала тұрғыны:

- Қазіргі жағдайы осындай болып тұрғандықтан 2022 жылдың бірінші кварталында үлгермейді деген ойдамын. Өйткені қазір жай істей салғанның өзінде бұл жерді қалай жөндейді? Мына жақтары суық. Мұнда батарея қатып жатыр. Құбырлар қатып жатыр. Ол бір айда істелетін шаруа емес.

Тұрғындардың айтуынша, жұмыстың тоқтап тұрғанына бірнеше ай болған.

Қайыржан Жетібаев, қала тұрғыны:

- Басында әр шаршы метрдің құны 142 мың теңге болды. Қазір құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты бағасы 180 мың теңгеге дейін өсті. Сондықтан мердігерлер ішкі әрлеу жұмыстарын жүргізе алмаймыз деді. 

Қалалық әкімдік болса, құрылыстың мерзімінде аяқталмауын мердігерлердің жауапсыздығынан көреді.

Самат Жанділдин, қала әкімінің баспасөз хатшысы:

- Юбилейный шағын ауданындағы 27-үйдің құрылысы мерзімінде аяқталмағанына байланысты бас мердігер «Алматы-Строй» ЖШС әкімдіктің талап-арызы бойынша сотта жосықсыз өнім беруші ретінде танылды. Қазігі таңда ол мердігермен келісім-шарт бұзылған. 

Әкімдік қайта тендер өткізіп жаңа мердігерді анықтауды қолға алған. Арнайы «Жол картасы» жасақталып, тұрғын үй жыл жазға дейін пайдалануға берілмек. Осылайша нысанды тапсыру мерзімі осымен төртінші рет шегеріліп отыр. 

Данияр Сұлтанұлы, Ермек Мұхамедияров