Ж.Сейдоллаұлы: «Жаңа Қазақстанды» құруға атсалысуымыз қажет  

Өнер адамдары мен мәдениет қайраткерлері «Жаңа Қазақстанды» құруға ат салысуы қажет. Бұл туралы «Қазақконцерт» мемлекеттік ұйымның директоры Жеңіс Сейдоллаұлы айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның сөзінше, Мемлекет басшысының сұхбатында елдің көкейінде жүрген сауалдарға нақты жауап берілді.

Жеңіс Сейдоллаұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші:

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының жаңа сұхбатын көріп шықтық. Елдің көкейінде жүрген көптеген өзекті сауалдарға жауап айтылды. Халықтың талап-тілегі ескерілген реформалар болатынын айтты, біз оған сеніміміз мол. Өнер адамдары, мәдениет қайраткерлері «Жаңа Қазақстанды» құруға атсалысуымыз қажет. Сонда ғана бірлігіміз бекемделіп, еліміз көркейе түседі. Бұл біздің өскелең ұрпақ алдындағы міндетіміз деп ойлаймын.