Өскеменде су басу қаупі бар жерлерге барлау жүргізілді

Өскеменде су басу қаупі бар жерлерге барлау жүргізілді
inform/kz

Cу тасқынының алдын алу үшін қала әкімдігінің қызметкерлері мен құтқарушылар рейдке шықты.

Жалпы Өскеменде 950-ден астам тұрғын үйді су басу қаупі жоғары. Мамандар Согра ауданындағы, Ахмер, Шығыс кенттері мен 22-шағын ауданындағы су тасқыны қаупі бар жерлерді тексерді. Бүгінде Безымянный жылғасының арнасы мұздан тазартылып, Шығыс және Ахмер кенттеріндегі арықтар, «Восточник-5» бау-бақша қауымдастығындағы көпір асты тазаланған. Маховка өзенінде жағалауды бекіту жұмыстары жүргізілді. «Құтқарушылар жақын арада тұрғын үйлерді аралауды бастайды. Жұртшылыққа көктемгі су тасқыны кезеңіне қатысты нұсқаулықтар өткізіп, ақпараттық жадынамалар таратылады. Мердігер ұйымдардың да су тасқынына дайындығы тексеріледі», – делінген ақпаратта.​

Айта кетейік, шаһарда төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында ТЖ басқармасында жедел штаб және мобильді топтар құрылған.